Мұғалім өз студентінің дипломдық жұмысын ақыға жазып берсе, онысы адал бола ма?
Мұғалім өз студентінің дипломдық жұмысын ақыға жазып берсе, онысы адал бола ма?
9 жыл бұрын 4736

Ассаләмуғалейкум! Сұрайын дегенім, мұғалім өзінің студенттерінің дипломдық жұмыстарын жазып бергені үшін қалам ақы алса, онысы адал бола ма? Студент ештеме дайындамайды, ізденбейді. Рахмет. Нұржан Н.

Уағалейкум әссәләм, Нұржан! «Харам-халал» мәселесі тұрғысынан алып қарағанда, мұғалімнің әлдебір студенттің дипломдық жұмысын жазып бергені үшін алған ақысы – халал. Өйткені, бұл жерде студент мұғалімді арнайы бір іске жалдаған болып тұр. Сондықтан, онысы жасаған еңбегіне алған ақысы.  

Бірақ «мұғалімдік этика» тұрғысынан алып қарағанда, ұстаздың ол әрекеті дұрыс емес. Себебі, қоғамның болашағы білікті мамандар екені даусыз. Ал, білімсіз біліктілікке қол жеткізу қиын. Мұғалімнің студенттерге дұрыс бағыт-бағдар беріп, ізденулерін талап етудің орнына, ақыға дипломдық жұмыстарын жазып беруі біліктіліктің тамырына балта шабумен тең деген ойдамыз. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым