Ерінді үлкейтудің Исламдағы үкімі қалай?
Ерінді үлкейтудің Исламдағы үкімі қалай?
18 сағат бұрын 317

Сұрақ: Ассаламуғалейкум! Менің сұрағым: ерін жасатуға бола ма, яғни кішкене ісіртуге?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы!

Сау, ешқандай кемістігі жоқ ерінді контурлық пластика арқылы үлкейтіп, оны ісіру – дінде құпталмайтын тірлік. Бұл да «Алланың жаратылысын өзгерту» аятының аясына кіреді деуге болады. Алайда туылғаннан немесе қандай да бір жағдайлармен пайда болған кемістікті пластика арқылы түзетуге болады. Ондай жағдайда бұл «емделу» үкімін алады. Тыйым – сау, ешқандай кемістігі жоқ еріндерді әсемдік үшін өзгертуге қатысты.

Осы тұрғыда Құдай Тағала әрбір адамның бет-жүзінің пішініне қарай көзінің, ернінің, құлағының формасын жарасымды етіп берген. Оған өзгеріс енгіземін десек, артық қыламыз. Шексіз шеберлік иесі – Жаратушы Иенің жаратуында кемшілік жоқ! "لَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ فِي أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ: Шынында біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық!" (Құран, "Тин" сүресі, 4 аят). 

Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!