Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Әйел адам өз үйінде иғтикаф жасай ала ма, жай күндері де? Әлде бұл тек ер адамдарға ғана Рамазан айында жасалатын ғибадат па? Ұлзира.
|
Әйел адам үйінде «иғтикафқа» кіре ала ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ханафи мәзһабында әйел кісілер өз үйлеріндегі намаз оқитын бөлмелерінде немесе «намаз бұрыштарында» иғтикаф құлшылығын орындай алады. (Өзге мәзһабтарда иғтикаф тек мешітте орындалуы керек).
Иғтикафтың уақыты
Нәпіл иғтикафтың уақыты жайында Ханафи ғалымдары «ең аз уақыты - күннің немесе түннің бір бөлігі» дейді. (Ибн Ғабидин). Бұл дегеніміз, әйел кісілер күннің (не түннің) бір-екі сағатына иғтикафқа ниет етіп, намаз бөлмесінде немесе намаз бұрышында құлшылық жасай алады. Ер адамдар иғтикафты мешітте жасайды. Ер адам мешітке барып, бір сәтке нәпіл иғтикафқа ниет етіп, мешітте құлшылығын жасап шығуына болады, нәпіл иғтикаф сауабын алады.
islam.kz