Түсінде итке айналып кеткенін көрсе, ол нені білдіруі мүмкін?
Түсінде итке айналып кеткенін көрсе, ол нені білдіруі мүмкін?
Кеше 179

Түсінде итке айналғаныңды көрсең, ол нені білдіруі мүмкін? 

Ақпарат көздеріне қарағанда, ертеде бір адам түсінде итке айналып кеткендігін көріпті. Осының мәнісін білгісі келіп, алып ұшып атақты түс жорушы, дін ғұламасы Ибн Сиринге келіпті. Сонда Ибн Сирин оған:

"кімде-кім түсінде өзінің итке айналып кеткенін көрсе, Алла Тағала ол адамға үлкен ілім беріп, кейін сол ілімін қайтарып алады" деп жорамалдапты.

Түс жорушы ғалым (р.а.) бұл жорамалын Алла Тағаланың Құрандағы мына бір қасиетті аятынан шабыттанып айтқан екен: «Оларға Біз Өз аяттарымызды берген, бірақ одан тайқып кеткен адамның хабарын оқып бер...» («Ағраф» сүресі, 175-аят).


"Тәфсируль Әхләм" (Түстердің тәпсірі).