«Трезвый водитель» кәсібі адал ма?
«Трезвый водитель» кәсібі адал ма?
9 жыл бұрын 4672

Құрметті сайт әкімшілігі! Менің сұрағым былай: Қазіргі таңда мынадай кәсіп пайда болды әрі кең тарап жатыр. Қалтасы қалың кейбір адамдар кафе, ресторандарда отырып, арақ-шарап ішеді. Нәтижесінде өзі мініп келген көлігін өзі жүргізіп кетуге шамасы болмай қалады. Сол себепті көлікті жүргізуге адам жалдайды. Оны "трезвый водитель" деп атап жүр. Мұсылман адамға осындай жұмысқа жалданып істеуіне бола ма? Одан тапқан ақшасы адал ма? Рахмет.

Негізінен алып қарағанда сіз айтып отырған іске жалданудың күнәсі жоқ. Себебі, адам онда ішімдік тасуға емес, адам тасуға жалданады. Ал Пайғамбардың хадисінде «ішімдік тасушыны» жазғырған.[1] Дегенмен біздің айтар кеңесіміз, аталмыш табыс көзіне тек тығырыққа тірелгенде барып жүгінген жөн. Мүмин-мұсылман кісінің «арнайы мастарды таситын шопырлық қызметін» кәсіп етуі тақуалығына үйлеспейді деген ойдамыз. Ал жалпы шопырлық еңбегі – адал еңбек.  Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Мысалы, ішімдік жайында бір хадисте былай делінеді: «Алла ішімдікке, оны ішкенге, оны ұсынғанға, сауда үшін сатып алғанға және сатқанға, оны езген, ездірген, тасыған және тасытқанға лағынет етсін» (Әбу Дауд, 3/328, 3674-ші хадис)