Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
2 сағат бұрын 105

Ассаләмуғалейкум! Егер үзір болып намаз оқып жатқанда келесі намаздың уақыты кірсе, сол оқып жатқан намазды кері оқу керекпін бе? Нұржан.

Уағалейкумуссәләм!

Үзір иесі деп – кіші дәретін, не, үлкен дәретін немесе жел ұстай алмайтын немесе бір жарақат себепті қан тоқтамай тұрса, әйел кісіде истихаза қаны келіп тұрса, не адамның құлағынан, көзінен немесе жарасынан қан, су, ірің сияқты нәрселер тоқтамай ағып тұрса, мұндай адамдар үзір иесі болып саналып, әр бес уақыт намаз үшін дәрет жаңалап тұруы керек. 

Ендігі жерде сауалдың жауабына келсек:

Үзір иесі намаз оқып тұрған тұста намаз уақыты шығып кетсе, дәреті бұзылады. Сәйкесінше намазы да бұзылады деген сөз. Ондай жағдайда дәретін жаңалап келіп, уақыты шыққан намаздың қазасын өтеп алуы тиіс. Бұған байланысты Ханафи ғалымы Имам Кәсәни (р.а.) өзінің «Бәдәиъус Санаиъу» атты кітабында былай деп өтеді: «Истихаза қаны (әйелдердегі үзір қаны) келген әйел кісі намаз уақыты шықпастан бұрын қан келіп жатқан тұста дәрет алса немесе дәрет алып болғаннан кейін қан келсе, кейін ол намаз оқып жатқан тұста уақыт шықса, намазын қайта бастап оқуы керек. Өйткені, айтып өткеніміздей – уақыт шығысымен (үзір иесі болған ол әйел адамның және жалпы үзір иелерінің) дәреті бұзылады...»1.

1Имам Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъу».

Абдусамат Қасым