Ваннаға су толтырып ғұсыл алса, ғұсыл санала ма? Сырым.
|
Ваннаға «су толтырып» ғұсылданса, ғұсыл санала ма?
|
Құрметті сауал жолдаушы!
Тазалық үшін ваннаға су толтырып түсу «мубах» амал, оның дінде әбестігі жоқ. Бірақ, ғұсылы жоқ кісі ваннаға су толтырып түскеннен кейін «ваннадағы толған су - қолданған су» үкімін алатындықтан, артынша, шығар кезде таза сумен душта шайынып алуды ұмытпау керек, онсыз ғұсыл толық болмайды. Бұл жайында толық «1774» нөмерлі жауабымызды оқи аласыз (нөмерді бассаңыз сілтемеге өтесіз).