Таң намазын оқып болып тілек тілеп отырғанда,күн шығып кетсе намаз бұзыла ма? Рахмет
|
Таң намазынан кейін тәспі тартып отырғанда күн шықса, намаз бұзыла ма?
|
Тәспі тартып, дұға жасау, құран бағыштау - бұлар намаздың рүкіндерінің бір бөлігі емес, қосымша жасалатын өз алдына бөлек сүннет амалдар. Сондықтан таң намазының парызын күн шықпай тұрып оқып үлгерсеңіз, сол күнгі таң намазыңыз уақытында оқылған болып есептеледі. Ал одан кейін тәспі тартып, дұға жасап отырған кезде таң намазының уақыты шығып кетсе де, оқыған намазыңызға ешқандай зияны жоқ.
Әлхамдулилләһи Раббил ъаләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?