Құрбандыққа шалынатын ірі қара мал қанша жаста болуы керек?
Құрбандыққа шалынатын ірі қара мал қанша жаста болуы керек?
44 минут бұрын 71

Ассаламуғалейкум!

1.Құрбандыққа ірі қара малдан қандайы, неше жастағы мал шалынады? 
2. Ірі қара малды неше кісі бірігіп шалуға болады?

Уағалейкумуссәләм! 

Құрбанға шалуға болатын мал түрлері, тек: түйе, сиыр және қой (ешкі). Осылардан өзгесі шалынбайды. Әрідесе, бұлардың бәрі «сәни» жастағы және одан жоғарғы жастағы болулары керек. Дәлірек айтқанда:

  • Қой мен ешкі толық бір жасар (яғни, бір жасқа толып екі жасқа аяқ басқан болуы керек).
  • Сиыр малы толық екі жасқа толған болуы керек (яғни, үш жасқа аяқ басқан).
  • Түйе бес жасар болуы тиіс (беске толып, алты жасқа аяқ басқан болуы керек).
  • Аталмыш жастарға толмаған малдар құрбанға жарамайды. Тек қой малы басқа - қой малынан алты-жеті айлық ірі тоқтыны шалуға рұқсат, бұл қой малына ғана қатысты үкім. Қалған құрбан малдары «сәни» жаста болулары шарт1.

Ірі қара малды, яғни, сиыр мен түйені жеті адамға дейін бірігіп шала алады. Адам саны жетеуден аспауы керек. Бірақ жеті адамнан аз адам болса зияны жоқ, мысалы бес адам, алты адам, тіпті ешкімді қоспай бір адам шалса да болады.

Ескерту: ірі қара малды бірігіп шалушылардың ниеттері – құлшылық үшін болуы керек, яғни, құрбан шалу ниетінде болулары керек. Егер жетеудің біреуінің ниеті ет алу болса, ешбірінің құрбаны саналмайды.

Құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

1Мұхаммед Ғашық Иләһи Буландшаһри: «Әт-Тәсһилуд Дарури» атты Ханафи фиқһ кітабынан аударылды.

 
Абдусамат Қасым