Мойнымда жара бар, су тигізуге болмайды. Ғұсылды қалай аламын?
Мойнымда жара бар, су тигізуге болмайды. Ғұсылды қалай аламын?
9 сағат бұрын 147

Мойнымда жара бар, таңылған. Су тигізуге болмайды. Ғұсылды қалай аламын?

Шариғатымызда жарақатқа су тигізу зиянды болса, жарақаттың өзін жумай, мүмкін болса айналасын жуады, ал жарақаттың үстінен дымқыл қолмен сипап өтеді (мәсіх тартады). 

Егер жарақаттың өзіне мәсіх тартудың өзі де зиян келтіретін болса, таңғыштың үстінен дымқыл қолмен сипайды. Ал дененің қалған сау жерлері әдеттегідей жуылады. Егер таңғышты шешу жарақатқа зиян келтіретін болса, таңғыш жауып тұрған сау жерлер де жуылмай, оларды жауып тұрған таңғыштың сыртын сипап, мәсіх тартылады. Осы айтылғандар фиқһта «жәбираға мәсіх тарту» деп атайды1.

Сіздің жағдайыңызда мынадай кеңес береміз: ғұсыл алар кезде мүмкіндігінше басыңызды алға еңкейтіп, алдымен басыңызды бөлек жуыңыз. Кейін мойыннан төменгі дене мүшелеріңізді жуыңыз. Ал мойныңыздағы таңғыштың үстінен дымқыл қолмен сипап шықсаңыз жеткілікті. Осылайша ғұсылыңыз толық әрі дұрыс болып саналады. 

1Бәдруддин әл-Айни: «әл-Биная шәрхуль Һидая».

Абдусамат Қасым