Әссәламуғалейкум!
Білейін дегенім, менде сақтаулы тұрған Құран кітабы бар еді. Кезінде оны балам сыйлаған. Алайда кітап араб тілінде жазылғандықтан, оны оқи алмай жүрмін. Соны мешітке тапсырсам бола ма, әлде үйде тұра бергені дұрыс па?
|
Үйде Құран кітабы бар, бірақ оқи алмаймын. Оны мешітке өткізсем бе екен?
|
Әссәламуғалейкум!
Білейін дегенім, менде сақтаулы тұрған Құран кітабы бар еді. Кезінде оны балам сыйлаған. Алайда кітап араб тілінде жазылғандықтан, оны оқи алмай жүрмін. Соны мешітке тапсырсам бола ма, әлде үйде тұра бергені дұрыс па?
Уағалейкумуссәләм!
Құрметті сауал жолдаушы!
Әрбір мұсылманның үйінде қасиетті Құран кітабы болғаны жөн. Құран кітабы бар үйге береке жауады. Сондықтан оның үйіңізде тұрғаны абзал. Алайда, бірнеше Құран кітабы бар болса, артығын сыйға тартып немесе өзіңіз айтқандай мешітке қойсаңыз болады.
Осы тұрғыда: "оқылмаса Құран жетім". Сол себепті, оқи алмасаңыз да, дәрет алып, Құранды ашып, парақтарын аударып тұрғаныңыз құптарлық іс.
Алдағы уақытта араб әріптерін тануға ықылас танытып, Құран оқуды үйренсеңіз, нұр үстіне нұр болмақ. Өйткені, Құран – оқыған мұсылманға қабірде серік, ал махшар майданында шапағатшы болады. Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!