«Жедел жәрдем» қызметшісі намазхан ер азамат болған жағдайда, әйел науқасты қалай қарайды?
«Жедел жәрдем» қызметшісі намазхан ер азамат болған жағдайда, әйел науқасты қалай қарайды?
5 жыл бұрын 5352

 

Әссәләмуға лейкум! Сұрайын дегенім, осы жедел жәрдемде істейтін адамдар, мысалы, ер адам жапа шеккен әйел адамның  үйіне барған соң, укол салу керек, кейде, массаж жасау керек т.б. әйел дәрігер істейтін істерді еркек дәрігердің істеуіне тура келеді. Осы мәселе қалай болады? Әсіресе, жедел жәрдем ішінде тек ер кісілер болса? Нұрлан.

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Еліміздегі дәрігерлік саласында, соның ішінде «жедел жәрдем» бөлімінде «әйелдерге әйелдер, еркектерге еркектер барсын» деген заң көрсетілмегендіктен, бұндай нәрсеге мән беріп жату көбіне мүмкін болмайды. Сондықтан да, жедел жәрдемге мұқтаж жан әйел адам болған жағдайда намазхан, дін жолындағы еркек дәрігер қасындағы жәрдемші медбикеге не істеу керектігін түсіндіреді. Жәрдемші медбикесі жоқ ер дәрігер, амал нешік, дәрігерлік міндетін өзі атқаруы тиіс.

Осы тұрғыда ертеректегі Ханафи ғалымдары былай деген:

«Әйелдің әурет жерінде жара пайда болса, ер кісі емес, емдей алатын әйел кісіні қарастырады. Немесе, еркек дәрігер өзге әйел кісіге қалай емдейтінін үйретеді. Ал, егер науқас әйел жарасы себепті қатты ауырса немесе өміріне қауіп төнсе және емдейтін әйел табылмаса ғана, еркек дәрігердің оны емдеуіне рұқсат. Емдеу барысында тек жара бар жерді ғана ашық қалдырып, қалған жерін жабады. Және мүмкіндігінше тек жара бар жерге қарап, қалған жерлеріне қарамауға тырысады»[1].  


[1] Әл-Фәтәуәль Һиндия – 5/407 бет.

Абдусамат Қасым