Мəһрден бас тартсам бола ма? Күйеуінің атын атауға болмайды дейді сол рас па? Күйеуіммен бірге намаз оқығанда "аттахият" дұғасын оқимын ба?
Мəһрден бас тартсам бола ма? Күйеуінің атын атауға болмайды дейді сол рас па? Күйеуіммен бірге намаз оқығанда "аттахият" дұғасын оқимын ба?
9 жыл бұрын 10494

Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Менің сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар: 1)Куйеуімнен талап еткен мәһрімнен, кейін өзім бас тартып жатсам, ол оны бермесе де бола ма? 2) Шариғат бойынша, күйеуінің атын атауға болмайды ма? Басқа бір есім ойлап табу шарт па? 3) Күйеуіммен бірге намаз оқығанда іштей «аттахият» дұғасын оқуым керек пе? Рахмет. Самал.

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Қадірменді Самал, жолдаған сауалдарыңызға жеке-жеке қысқаша тоқталып өтелік:

- Куйеуімнен талап еткен мәһрден өзім кейін бас тартып жатсам, ол оны бермесе де бола ма?

- Некелесу барысында берілетін «мәһрдің», яғни, неке сыйының мөлшері нақты келісілген болса, кейіннен ол мәҺрді алуы немесе алмауы қыздың еркінде. Қыз келісілген мәһрден бас тартқан жағдайда, ерінің мойнынан түседі. 

- Шариғат бойынша, күйеуінің атын атауға болмайды ма? Басқа бір есім ойлап табу шарт па?

- Күйеуінің атын атауға болмайды деген шариғат бұйрығы жоқ. Бұл нәрседе көбіне жергілікті салт-дәстүр мен ұлттық менталитетте қалыптасқан түсінікті назарға алған жақсы. Егер, жергілікті жерде ерінің атымен атау құрметсіздік ретінде саналса, ол кезде, ерінің атымен атамай «отағасы», «әкесі» деген сияқты сөздер қолданған абзал.

- Күйеуіммен бірге намаз оқығанда іштей «аттахият» дұғасын оқуым керек пе?

- Күйеуіңізге ұйып намаз оқығанда, «Фатиха» және «зәм сүресін» оқымайсыз. Қалған дұғаларды сіз де іштей айтасыз. Мысалы, «сәнә», «аттахият», «салауат», «раббана» т.б. дұғалар.

Абдусамат Қасым