Қайырлы күн! Сұрағым: «NIKE» термині грек мифологиясындағы жеңіс құдайының есімі болып табылады. Nike маркасы да содан алынған. Мұндай киімді немесе аяқ киімдерді киюге бола ма? Аз болса да ширкке кетіп қалмай ма? Мирас.
«NIKE» маркалы киімдерді кию ширк па?
|
Алла күнімізді қайырлы етсін! Құрметті Мирас, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Іс-амалдар ниетке байланысты», - деген. Сондықтан, «NIKE» есімді құдай бар деп сеніп, «мені қорғасын, жебеп жүрсін» деген ниетпен арнайы киіп жүрген болса, ол «ширк» болмақ. Дегенмен де, бүгінде аталмыш маркадағы аяқ-киімді таңдаған кісі атына бола емес, затына, сапасына қарап алады. Түпкі мәніне үңіліп жатқан адам жоқ.
Ендеше, «NIKE» маркалы киімдерді кию - ширкке жатпайды. Өйткені, мұсылманның сенген жаратушы Иесінің есімі киген аяқ-киімінде емес, жүрегінде, санасында орын алған.
Өзекті сұрақтар