Әс-Сәләмуь аләйкум! Ұстаз, кішкентай балалардың тісі түскенде, ол тісті не стеу керек тісін!
|
Кішкене баланың түскен тісін не істеу керек?
|
Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Кейбір Ислам ғалымдары адамның дене мүшелерін көмілгенін құп көреді. Мысалы, алған шашы, тырнағы, қан т.б. Көмудің үкімі мұстахаб. Сахаба Мәшрахтың қызы Миль былай деп хадис жеткізген: «Әкемнің тырнағын алып, оны көмгенін көрдім және ол: «Алла елшісі (с.а.у.) осылай істегенін көрдім» дейтін».
Ендеше, осы хадистен шабыттана келеі, түскен тісті де мүмкіндік болса, қоқысқа тастағаннан гөрі жерге, яғни, топыраққа көме салған абзалырақ және құптарлық іс дейді дін мамандары. Әйтсе де, қоқысқа тастаса немесе лақтырып жіберсе де күнәсі жоқ. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!