«Әйел адамға мал бауыздауға болмайды» деген сөзге шариғат қалай қарайды?
«Әйел адамға мал бауыздауға болмайды» деген сөзге шариғат қалай қарайды?
9 сағат бұрын 269

Әйел адамға мал бауыздауға бола ма, Ислам шариғаты бойынша?

Құрметті сауал жолдаушы!

Ислам шариғатында әйел-еркек деп бөліп-жармай, әйелге де мал бауыздауды рұқсат санайды. Бастысы, әйел адам малды дұрыс бауыздау жолын білмегі шарт. Егер, мал бауыздауда тәжірибесі бар болса, әйел адам да мал бауыздап, терісін сыпыра береді, оның еш әбес тұсы жоқ. Бұл сөзіміз де дәлелсіз емес. Имам Бұхаридің (р.а.) «Сахих Бұхари» атты хадистер жинағында сахаба Кәъб ибн Мәликтен (р.а.) келтірілген хадисте, сахаба Кәъб ибн Мәлик өзінің әкесінен былай деп хадис жеткізеді: «Бір әйел қойды (өткір) таспен сойды. Ол жайында (оның етін жеу жайында) Алла елшісінен сұраған кезде, Алла елшісі оның етін жеуді бұйырды (рұқсат берді)»1.

Аталмыш сахих хадистен де көріп тұрғанымыздай мұсылман әйел кісіге де шариғат талабына сай мал бауыздауына дініміз рұқсат беретіндігін ұғуға болады. Ал "әйел затына мал бауыздауға болмайды" деген ырымның негізі жоқ.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

1Имам Бұхари: «Сахих Бұхари», 5504.

Абдусамат Қасым