Дінде сүт бауырлар мұрагерлікке таласа ала ма?
Дінде сүт бауырлар мұрагерлікке таласа ала ма?
1 сағат бұрын 83

Ата-ана өлген жағдайда сүт бауырлар да дүниесіне мұрагерлікке таласа ала ма?

Мұрагерлікті тудыратын негізгі екі себеп бар:

  • Бірге туғандық (әке, ана, бала, қыз, бауыр т.б.).

  • Неке (шариғат шарттарына сай қиылған некедегі ерлі-зайыптылық).

  • (Және бұл екеуінен бөлек үшінші себеп аталған – әл-Уәлә ақысы, яғни, қожайынның азат еткен бұрынғы құлына мұрагер болуы).

Ал "сүт бауырлық" байланыс мұрагерлікті тудырмайды. Сүт бауырлар арасында өмірлікке неке жүрмейтіні ақиқат, бірақ олар бір-бірлеріне мұрагер бола алмайды. Сәйкесінше, сүт бауыр үкіміндегі бала сүт анасы мен сүт әкесінен қалған мұраға таласа алмайды. Аллаһу аъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


Сүт бауырлықтың шарттары

Ханафи мәзхабы бойынша «сүт бауыр» болып есептелу үшін басты екі шарты бар:

  • Бірінші шарты, нәресте 2 (екі) жас не одан кішкене жаста емген болуы тиіс. Екі жастан асып кеткен нәресте сүт емген жағдайда «сүт бауырлық» үкімі туындамайды. (Төрт мәзхабта да үкім осы).
  • Екінші шарты, ең кемі 1 (бір) рет емген болуы тиіс. Ананың бір тамшы сүті нәрестенің асқазанына барған болса, арада «сүт бауырлық» үкімі туындайды. Бұл Ханафи және Мәлики мәзхабтары бойынша. (Ал, Шәфиғи мәзхабы мен Ханбәли мәзхабтары бойынша нәресте ең кемі 5 (бес) рет тоя емген болуы тиіс).
Абдусамат Қасым