Ассалямуалейкум! Вазэктомия туралы толық жаза аласыз ба? Пәтуа таппай жатырмын осыған қатысты.
|
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті сауал жолдаушы!
Исламда уақытша бала көтермеу әдістерін қолдануға рұқсат, алайда біржолата ұрпақ өрбіту қабілетін жою – харам. Бұл үкім – әйелге де, еркекке де қатысты. (бірақ, сондай қадамға баруға мәжбүр ететін медициналық себептер болса рұқсат, мысалы, әйел адам жүрек ауруының (порок серце) ауыр түріне шалдыққан болса немесе өкпе ауруымен ауыратын болса т.б. жағдайларда әйелге стерилизация жасатуға рұқсат).
Бұған қатысты Халықаралық Ислам фиқһ Кеңесінде дін ғалымдарымыздың ортақтаса қабылданған қаулысында былай делінеді:
يحرم استئصال القدرة على الإنجاب في الرجل أو المرأة، وهو ما يعرف بالإعقام أو التعقيم، ما لم تدع إلى ذلك الضرورة بمعاييرها الشرعية.
ثالثًا: يجوز التحكم المؤقت في الإنجاب بقصد المباعدة بين فترات الحمل، أو إيقافه لمدة معينة من الزمان، إذا دعت إليه حاجة معتبرة شرعًا، بحسب تقدير الزوجين عن تشاور بينهما وتراض، بشرط أن لا يترتب على ذلك ضرر، وأن تكون الوسيلة مشروعة، وأن لا يكون فيها عدوان على حمل قائم.
1). Егер шариғи өлшемдер бойынша аса қажеттілік туындамаса, ер адамның немесе әйелдің ұрпақ өрбіту қабілетін (түбегейлі) жоюға, яғни бедеулікке ұшыратуға (стерилизацияға), тыйым салынады.
2ّ) Жүктілік аралығын ұзарту мақсатында немесе белгілі бір уақытқа дейін тоқтату үшін (егер шариғатқа теріс емес әлдебір қажеттілік соған итермелесе), ерлі-зайыптылардың өзара ақылдасып, келісуімен бала тууды уақытша тоқтатуға рұқсат етіледі. Алайда, бұл жағдайда мынадай шарттар орындалуы тиіс:
бұдан ешқандай зиян келмеуі керек;
қолданылатын әдіс (құрал) халал (рұқсат етілген) болуы тиіс;
бойға біткен жүктілікке зияны тимеуі керек»1.
1Халықаралық Ислам фиқһ кеңесі, бесінші отырыс, Кувейт елі, 1988 жыл, 10-15 желтоқсан.