Түсінде мысық көрсе, ол нені білдіреді?
Түсінде мысық көрсе, ол нені білдіреді?
2 сағат бұрын 164

Түсінде жан-жануарды көрсе, ол жын-шайтаннан ба? Мысалы, мысық көрсе, ол ненің белгісі?

Түсіне жан-жануар кірсе, оның шайтаннан болуы шарт емес, әрбірінің белгілі бір мән-мағынасы болуы мүмкін. Мәселен, мысықтың түске кіруіне қатысты әртүрлі болжамдар айтылған екен. Кейбір жорамалдаушылар мысықты үй ішіндегі ұрлықшыға жорамалдаған, кейбірі қызметшіге, сақшыға, ал кейбірі жаман әйелге жорамалдайды. Түсінде мысықтың тістеп немесе тырнап алғанын көрсе, ол сырқаттанатынына жорамалданады.

«Ұрлықшы» дегенге қатысты мынадай оқиға кітаптарда келтірілген. Атақты түс жорушы, дін ғалымы Ибн Сиринге бір әйел кісі шым-шытырық түсін жорытуға келіпті. Түсінде бір мысық күйеуінің ішіне басын тығыпты да, ішінен бір нәрсе алып шығып, оны жеп қойыпты. Содан мұның мәнісін білейін деп Ибн Сиринге келген екен.

Ибн Сирин (р.а.) оның бұл түсін былай деп жорамалдапты:

- «Түсіңіз рас айтса, түнде күйеуіңіздің дүкеніне бір қара нәсілді ұрлықшы кіреді. Ол ішінен 316 дирхам ақша ұрлап кетеді», – депті.

Расында да, айтқаны айдай келіп, көп ұзамай жағдай солай болған екен. Сол маңайда моншада қызмет ететін қара нәсілді кісі тұрады екен. Жұрт оны ұстап алып, ұрлық жасады деп айыптап, қолынан ұрланған заттарды тартып алыпты.

Кейін Ибн Сиринге келіп:

- «Олай боларын қалай білдің? Түстен сондай байламға қалай келдің?» – деп сұрағанда, ол (р.а.) былай деп түсіндіріпті:

- «Түстегі мысық – ұрлықшыны білдіреді. Ал қарын болса (яғни, күйеуінің іші) – қазына. Мысықтың одан бір нәрсе жегені – ұрлықты білдіреді. Ал ұрлайтын соманың көлемін қалай білдің десеңіз, мен оны “жамал қисабына” салып білдім. Яғни, “синуар” (мысықтың арабшасы) атауындағы:

• син әрпі – алпыс санын білдіреді;
• нун әрпі – елу санын білдіреді;
• уау әрпі – алты санын білдіреді;
• ро әрпі – екі жүз санын білдіреді.

Бәрін қосқанда, 316 саны шығады», – депті¹ Ибн Сирин рахимаһуллаһ.


Ибн Сирин, "Тәфсируль Әхләм". Синуар.

Абдусамат Қасым