Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
1 сағат бұрын 112

 Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?

 

Қаза оразаларын ұстау үшін арнайы күндер қарастырылмаған, айт күндерінен өзге кез-келген күні өтеуге болады. Ал ораза айтының бірінші күні мен құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды (құрбанның бірінші күні және үш күн тәшриқ күндері). Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадисінде: «ولا صوم في يومي الفطر والأضحى " Ораза айт пен құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды» деген1.

1Имам Бұхари: «Сахих Бұхари».