Құранға аяқ созып жатуға бола ма?
Құранға аяқ созып жатуға бола ма?
4 жыл бұрын 6547

Əссəлəм əлейкум! Құбылаға аяқ ұзатып жату туралы не дейсіз? Құран кітапқа ше? Темур.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құбылаға әдейі аяқ созуды Ханафи ғалымдары мәкруһ санаған. Өйткені бұл - әдепке теріс. Осыған орай оны жеңіл мәкруһке балайтын ғалымдарымыз бар[1].

Құран кітапқа аяқ созу мәселесінде – Құранның тұрған орны маңызды. Егер, Құран кітабы биік жерде тұрса, оған қарай аяқ созудың ағаттығы жоқ. Ал, егер аяқпен деңгейлес жерде тұрып, оған қарай аяқты созса, онысы мәкруһ болмақ. Бұл жайында Ханафи кітаптарының бірінде былай делінген:

«Ұйықтағанда болсын, мейлі жай кезде болсын, құбылаға немесе Құран кітапқа, яки, фиқһ кітаптарына аяқ созу мәкруһ болады. Бірақ, егер, аяқпен тұстас тұрмай, одан биік жерде тұрса, мәкруһ емес»[2].


[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мұхтар – 2/427 бет. «Дәру ъалимиль кутуб». Рияд. 2003 жыл.
[2] Ибн Нүжейм: «әл-Баърур Раиқ» - 2/59 бет. «Дәруль Кутубил ъилмия». Бейрут-Ливан. 1997 ж.

Абдусамат Қасым