Сәлеметсіз бе, Абдусамат аға! Кешірім өтінемін. Сұрақ қойсам айып етпессіз. Алдында бір видео көргенмін. Сол видеода, «желе» деген начинка бар ғой, соны шошқаның терісінен кептіріп, майдалап, желе жасап шығарып жатқанын көрдім. Енді, үйде болсын, қонаққа барғанда болсын, шоколадтың арасына қосылған желе болады. Осыларды жеуге бола ма? Алдын ала рахмет. Гүлбану.
|
Желе қосылған тәттіні жеуге бола ма?
|
Сәлеметсіз бе, Гүлбану! Деректерге сүйенсек, желе, мармелад дейтін тағамдарға көбіне желатин қосылады. Желатиннің (Е441) судағы өсімдіктерден немесе балықтан өндірілген түрі кейде кездесіп жатса да, көбінесе ол ірі қара малдың, әсіресе, доңыздың сүйегін, терісі мен шеміршегін қайнату арқылы жасалады. Сондықтан да, мүмкіндігінше желе қосылған тәттілерді жемеген дұрыс.
Желатин жайында қосымша мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/arturli/quramynda-jelatin-bar-e441-tanbaly-azyqty-paidalanuga-bola-ma-538/#gsc.tab=0
Өзекті сұрақтар
■
«Анасының маңдайынан сүйген бала тозаққа түспейді» деген хадис рас хадис па?
■
Ерінді үлкейтудің Исламдағы үкімі қалай?
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?