Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ
1 сағат бұрын 114

- Ассаламуғалейкум! Ғұсылы, дәреті жоқ адамға мал бауыздай беруге бола ма?

- Уағалейкумуссәләм! Ғұсылы жоқ адамға мал бауыздай беруге болады. Мал бауыздау сәтінде, әдеттегідей «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар!» деп айтуы шарт.

- Ассаламуғаликум! Намазда сүрелердің реті ауысып кетсе, «сәһү сәжде» жасала ма?

- Уағалейкумуссәләм! Намазда сүрелердің ретін сақтамау – мәкруһ. Бірақ, мұндай әрекет намазды бұзбайды әрі оқыған намазы дұрыс болып есептеледі. Сондай-ақ, намазда сүрелердің реті сақталмаған жағдайда «сәһу сәждесі» жасалмайды. 

- Ассаламуғалейкум! Егер, мысалға, Шымкент қаласында 2-3 күн, одан кейін Орал қаласында 14 күн болсам, намазды қысқартып оқимын ба?

- Уағалейкумуссәләм! Ереже бойынша, жолаушы кісі жолаушы үкімінен уақытша шығу үшін бір қалада 15 тәулік қалуды ұйғарған болуы керек. Он бес тәулікте толтыру үшін бірнеше қалада қалатын күндерін қосып есептемейді. Сәйкесінше, Шымқалада үш күн қалып, Орал қаласында он төрт күн қалған жағдайда, екі қалада да жолаушы ретінде намаздарын қысқартып оқиды, өйткені екі қаланың екеуінде де он бес тәуліктен аз уақыт қалуды ұйғаруда, екі қаладағы қалатын күндер қосып есептелмейді.