Сүтке қан араласса, оны ішуге бола ма?
Сүтке қан араласса, оны ішуге бола ма?
3 сағат бұрын 169

Сұрақ: Ассаламуғалейкум! Ешкі сауып едім, сүтке болар-болмас бір тамшы қан араласып кеткен екен. Осындай сүтті ішуге бола ма?

Уағалейкумуссәләм!

Қан – нәжіс. Сондықтан сүтке қан араласса, ол сүтті ішуге болмайды. Имам Мұхаммед (рахимаһуллаһ) өзінің «әл-Асл» атты еңбегінде былай деген:

«Егер ыдысқа шараптың, қанның, зәрдің немесе үлкен дәреттің бір нәрсесі түссе, мейлі ол аз болсын, көп болсын, ондағы сумен дәрет алуға да, оны ішуге де болмайды»¹.

Сондай-ақ, Ханафи мәзһабының тағы бір фиқһ кітабында:

«Егер құдыққа бір тамшы шарап, бір тамшы зәр немесе бір тамшы қан түссе, құдықтағы су нәжіс болады»², – делінген.

Демек, бір тамшы қанның өзі бақандай құдықтағы суды нәжіс ететін болса, бір ыдыстағы сүттің де қан араласуымен жарамсыз болуы – табиғи нәрсе. 


1)Имам Мұхаммед: «әл-Асл». Дәрет бабы.
2)«Хизәнәтуль Муфтиин».

 

Абдусамат Қасым