|
Индонезиялық медресе шәкірттерінің «отқа оранған» ойыны (фото+видео)
|
Біз сөз етіп отырған доп қуалау ойыны қатерлі болса да Индонезияда кеңінен тараған. Әсіресе, қараңғы түсе бұлайша футбол ойнауды әдетке айналдырған. Бұл кезде олардың көрермендері мен жанкүйерлері де көбейеді. Әлбетте, ойын алдында ойынға қатысатын жастарға қауіпсіздік ережесі пысықталып, түсіндіріледі. Әсіресе, Индонезиядағы медресе шәкірттерінің кеш бата бой жазып, қан тарқатып, сергіп алуына аталған ойын көп көмегін тигізетін көрінеді. Бұл ойын индонезиялық дәстүрлі әскери өнердің бір түрінен саналатын Pencak Silat-пен байланыстырылады. Керосинге малынып, шыланған кокос жанып біткенше ойын аяқталмайды. Отқа орынған кокос шамамен бір сағат ішінде жанып бітеді.







Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін