Тамақ өнімдерінің құрамында ГМА болуы 30 процентке дейін артып кеткен
Тамақ өнімдерінің құрамында ГМА болуы 30 процентке дейін артып кеткен
6 жыл бұрын 5955 Ақмарал Шағатай

Тамақ өнімдерінің құрамында гендік модификцияланған ағзалардың болуы 1,1 проценттен 30 процентке дейін артқаны анықталды. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг және оның техникалық регламент талаптарына сәйкестігі бойынша 92 процент бөлшектік сауда нысандары бақылаумен қамтамасыз етілді. Өнім қауіпсіздігі мониторингімен халық тұтынатын тауарлардың 42 мыңнан астам түрі зерттеліп, 10,3 проценті техникалық регламент талаптарына сәйкессіздігі анықталды. Тамақ өнімдерінің 34 мыңнан астам сынамасы зерттелді және оның ішіндегі 2 624 сынаманың техникалық регламент талаптарына сәйкессіздігі анықталды. Өндірушілердің таңбалау қағидаларын бұзу 43%, басқа көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 23%, қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі 22%, мәлімделген қасиеттері немесе физикалық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес болмауы 12%. Сонымен қатар, құрамында жалған тамақ өнімі бар тауарларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жалған тауарлардың негізгі бөлігін сүт және май өнімдеріне тиесілі. Бұл тауарлардағы өсімдік майлары табиғи өнім ретінде көрсетілген. Мысалы, зерттеу жүргізілген сүт және май өнімінің 2 мың сынамасының 29% жалған деп табылған», - деді Біртанов.

Денсаулық сақтау министрінің берген мәліметі бойынша, бұл негізінен Украина, Беларусь, Франция, Қырғызстан өнімдері.

«Өнімді гендік модицикацияланған ағзаларға және жануарлар ДНҚ-сына сәйкестендіруге зерттеу кезінде тұтынушыларды алдау фактілері анықталды. Мысалы, 11 тамақ өнімдерінің құрамында гендік модификцияланған ағзалардың болуы 1,1 проценттен 30 процентке дейін артқаны анықталды. Бұл ретте көрсетілген тауарлардың қаптамасына гендік модиифкацияланған ағзалардың қосылғаны туралы мәлімет көрсетілмеген. Сонымен қатар, ет өнімдерінің құрамына да бақылау мен зерттеу жүргізілді. Жалпы алғанда, жыл қорытындысы бойынша, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес емес 1,2 мың тоннадан астам ет өнімі сауда желісі айналымынан алынып тасталды», - деді министр.

 
0 пікір
Мұрағат