Шетелдік қазақстандыққа қалай донор бола алады?
Шетелдік қазақстандыққа қалай донор бола алады?
8 ай бұрын 513

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ағзаға мұқтаж науқастың туысы емес адам қандай жолмен донор бола алатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Редакциямызға оқырманнан «Анам бүйрегін ауыстыру керек. Заң бойынша жақын туысынан басқа адам донор болса – жазаға тартылады екен. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Не себепті генетикалық күйі сәйкес келетін шетелдік адам донор бола алмайды?» деген сұрақ келді.

Оқырман сұрағына қатысты сұраухатымызға Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова жауап берді.

«Әлеуетті реципиентке туыс болып табылмайтын адам медициналық тексеруден өтуден және тіндік үйлесімділіктің болуы шартымен, оның тіндерін (тіндерінің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) алу мүмкіндігі туралы консилиум қорытындысын алғаннан кейін донор бола алады. Егер басқа елдің азаматы өз ағзасын қазақстандыққа транспланттау мақсатында беруді қалайтын болса, нотариалдық куәландырылған ағзаларын алуға өтеусіз және ерікті келісім беруі, сондай-ақ, жан-жақты медициналық тексеруден өтуі және оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) алу мүмкіндігі туралы консилиум қорытындысын алуы тиіс», — деді Мағрипа Ембергенова.

0 пікір
Мұрағат