Шаруаларға берілген арнайы чиптер жылқышылар жұмысын жеңілдетті (видео)
Шаруаларға берілген арнайы чиптер жылқышылар жұмысын жеңілдетті (видео)
4 жыл бұрын 1962

Оңтүстік Кореянің техникадағы және технологиядағы озық үлгілері Қазақстанда кеңінен қолданылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оң іс, жаңа бағыт жайында Сеулде өткен халықаралық семинар кезінде кеңінен айтылды. Мысалы, Алматы облысында шаруаларға берілген жеті жүз сақтық құралы, яғни арнайы чиптер жылқышылар жұмысын айтарлықтай жеңілдетті. Әлгі чиптер көмегімен олар жануарлардың қай жерде жайылып жүргенін біліп отырады. Яғни, фермерлер мобильді телефон қосымшасы арқылы өрістегі малдың жағдайын біліп отырады. Жабдықты пайдалану үшін Интернет пен ұялы байланыс қажет емес. Қондырғы ақпаратты отыз шақырым радиуста таратады. Құрылғылар жұмысы екі ай бойы бақыланды. Егер бұрын алыста жайылған үйірді табуға төрт сағат кетсе, енді бір сағат ішінде ізіне түсе алады.

Оңтүстіккореялық компания өз туындысын жетілдіре түсуді ойлайды. Мысалы, келесі кезекте аккумуляторлардың қызмет ету мерзімін ұлғайту, сондай-ақ, мұндай жабдықты Қазақстанда шығаруды жолға қоюды жоспарлап отыр.

Юн Ён Чхан, өндіруші компаниясының басшысы:

- Қазір  Ақтөбеде жылқы өсірушілер қауымдастығымен бірлесіп, келесі жылға жоба дайындалуда. Келіссөздер жүріп жатыр. Сәтін салса, құрылғыны 150 000 жылқыға тағып сынақтан өткізу жоспары бар. Мақсатымыз – бүкіл Қазақстанды қамту. Біз одан әрі Қазақстаннан Монғолияға және басқа елдерге экспорттау үшін Қазақстанда құрылғылар өндірісін құруды жоспарлап отырмыз.

Еркегүл Тілеген, ҚР Жергілікті жылқы тұқымдары палатасының директоры:

- Көбінде жылқы шаруашылығы бізде көп дамыған ғой. Жылқы малы қайда жақсы шөп бар өзі таңдап, шөбін өзі тауып жейтін мал болғандықтан, оның қайда баратын ешкім білмейді. Сондықтан GPS құрылғы арқылы оның қайда жүргенін бақылай аламыз.

 

0 пікір
Мұрағат