|
Шаруалар топырақтың құнарын сақтауға міндетті болады
|
Аграрилер үшін жұмыс кезінде топырақтың құнарлы қабатын қорғау талаптары енгізіледі.
«Топырақты қорғау туралы» заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар оның негізгі ережелерін нақтылап, күшейтті. Ең алдымен, орталық уәкілетті орган ретінде Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленіп, оның негізгі өкілеттіктері бекітіліп отыр.
Сонымен қатар, топырақты және агрохимиялық зерттеулерді, топырақты қорғау мен оның мониторингі бойынша басқа да іс-шараларды жүргізу тетіктері регламенттеледі. Мұндай жұмыстардың нәтижелері мен практикалық ұсынымдар көпшілікке қолжетімді болады және электрондық ауыл шаруашылығы картасында көрсетіледі.
Жер құқық қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бөлек бекітіледі. Соның ішінде топырақтың құнарлы қабатын қорғау бойынша талаптар енгізіледі. Атап айтқанда, жұмыс кезінде оны міндетті түрде сыпырып алу, дұрыс сақтау және кейіннен пайдалану, сондай-ақ оны сыртқа шығаруға тыйым салу қарастырылған.
Ілеспе заң жобасы қолданыстағы заңнаманы жаңа нормалармен үндестіруге бағытталған. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жерлерін берген кезде міндетті түрде ауыл шаруашылығы жерінің паспортын беру енгізіледі. Ол бонитет балын, қарашірік мөлшерін, азот, фосфор және калий деңгейін, тұздану дәрежесін, қышқылдығын, механикалық құрамын және топырақтың басқа да сипаттамаларын тіркейтін ресми құжатқа айналады.
Топырақты қорғауға қатысты жеке заң пайда болды
Ел аумағының 75%-дан астам жерлері деградацияға ұшыраған.
Мәжілістің жалпы отырысында "Топырақты қорғау туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжатты депутат Нұржан Әшімбетов таныстырды.
"Қолда бар деректерге сәйкес, Қазақстан аумағының 75 пайыздан астам жерлері әртүрлі деңгейде деградацияға ұшыраған. Бұл көрсеткіштер мәселенің тек экологиялық сипатта ғана емес, елдің экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздігінің негіздеріне әсер ететін жүйелі қауіп екенін көрсетеді. Бүгінгі күні Жер және Экологиялық кодекстердің қолданыстағы нормалары жүйелі көзқарасты қамтамасыз етпейді, біртұтас механизм ретінде жұмыс істемейді. Заң жобасында "Топырақ" түсінігі реттеудің жеке объектісі ретінде қарастырылған. Бұл ретте оны сақтаудың бірыңғай ережелері, деградациядан қорғаудың тиімді тетігі әзірленді", – деді депутат.
Құжатта ғылымның рөлі де ескеріліп отыр.
Заң жобаларының аясында:
– эрозия, сортаңдану, сарқылу, тығыздану және т.б. сияқты топырақтың деградация процестерінің алдын алу және болдырмау шараларын анықталады;
– топырақ жағдайының жерді қашықтықтан бақылау және жасанды интеллект технологиясының мәліметтерін пайдалана отырып кешенді мониторинг жүйесін енгізіледі.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру 100 пайызға аяқталып, цифрлық карталары дайындалды.