|
Жасанды зерде суретіңе қарап отырып-ақ, саусақ ізін жасанды жолмен жасай алады
|
Қазіргі смартфондардың камерасы мейлінше тұнық. Суретіңізге қарап-ақ қайталанбайтын қолтаңбаңызды айна-қатесіз жасай алады. Кәдімгі фото-суретіңіздің өзі басыңызға бәле болып жабысып жүрмесін. Нақты қауіпке айналғанын білмей қаласыз. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың айтуынша, 1,5 метрге дейінгі қашықтықтан алынған суреттерде саусақтардың жастықшалары камера алдында көрініп тұрса, онда саусақ ізін қайта жасауға жеткілікті деталдар мен өрнектер болуы мүмкін. Теориялық тұрғыдан алғанда, қаскүнемдер телефон, ноутбук немесе төлем жүйелерінің биометрикалық сканерлерін осылайша алдай алады. Ли Шан есімді киберқауіпсіздік сарапшысы редакциялау (өңдеу) және AI бағдарламалары саусақтардың папиллярлық сызықтарын қарапайым селфиден ажыратуға қабілетті екенін ескертеді. Бұл төңіректегі пікірталас қытайлық әлеуметтік желілерде қызу өрбіп тұр, себебі, «V» таңбасын еске түсіретін саусақ қимылы Азия аймағындағы селфи үшін кеңінен тараған стандартқа айналған. Оның үстіне, саусақ ізі биометрияда де кеңінен қолданылатынын ескерсек, бұл тараптағы қауіп одан ары күшейе түседі.