Қорқынышты түстер көрудің басты себебі айтылды
Қорқынышты түстер көрудің басты себебі айтылды
2 жыл бұрын 4912 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үрейлі, шым-шытырық түстер адамның толыққанды тынығуына, яғни, ұйқы сапасына кері әсерін тигізеді. Бұл жайында islam.kz порталы RT телеарнасына берген ресейлік сомнолог дәрігер Роман Бузуновқа сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, шектен тыс жинақталған ақпаратты қорытудың салдарынан адам шым-шытырыққа толы үрейлі түстер көреді. Білікті маманның сөзіне қарағанда, ұйқы кезінде ұзақ уақытқа созылатын жады қалыптасады, қоршаған ортаға бейімделу әрі қалай әрекет ету керектін шешу үшін іздену процесі жүреді. Адам түсінде әлденеден қашады немесе қуады, т.б. бұл әрекеттер адамның ұйқы кезіндегі ізденісінен хабар бермек. Мұны «бейімделу элементі» деп атады. Осылай деген ол мұндай түстерді жиі көретін болса, стресс пен күйзеліске бой алдыруы мүмкін екенін ескертеді.

Ұқсас материалдар: 

"Адамның қорқынышты түс көруінің бір сыры белгілі болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-qorqynyshty-tus-koruinin-bir-syry-belgili-boldy-14679/#gsc.tab=0);

"Саналы түрде түс көрудің әдісі табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/sanaly-turde-tus-korudin-adisi-tabyldy-16705/#gsc.tab=0);

«Түнгі таным: саналы түрде түс көрудің тетігі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungi-tanym-sanaly-turde-tus-korudin-tetigi-tabyldy-15860/#gsc.tab=0);

«Бизнес өз өнімдерін адамның түсінде жарнамалағысы келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/biznes-oz-onimderin-adamnyn-tusinde-jarnamalagysy-keledi-15387/#gsc.tab=0);

«Түс – болашақтың хабаршысы (жаңа гипотеза)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tus-bolashaqtyn-habarshysy-jana-gipoteza-15388/#gsc.tab=0);

«Біртүрлі түстер гипотезасы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birturli-tuster-gipotezasy-paida-boldy-15314/#gsc.tab=0);

«Адам неге түс көреді? Жаңа гипотеза пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-nege-tus-koredi-jana-gipoteza-paida-boldy-15234/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат