Түнгі таным: саналы түрде түс көрудің тетігі табылды
Түнгі таным: саналы түрде түс көрудің тетігі табылды
3 жыл бұрын 2113 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саналы түс – сананың өзгерген халі; адам өзі көріп жатқан түстің мазмұнын белгілі бір деңгейде қалауына қарай басқара алады. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түс – әлі күнге құпиясы толық ашылмаған (физиологиялық немесе психологиялық аспектіде) құбылыс; десе де осы заманғы озық технологияның көмегімен, дәлірегі нейробиология түсті басқаруға болатынын көрсетіп берді. Кезінде Солтүстік-батыс университетінің Кен Паллер есімді профессоры саналы түс Technology Networks ақпарат көзіне берген сұхбатында саналы түсті дыбыс арқылы басқаруға болатынын алға тартып отыр. Ол ол ма, ұйықтап жатқан (саналы түс көріп жатқан) адаммен ым-ишара немес қас-қабақпен тілдесуге де болатыны, тіпті, математикалық тапсырманы шешкенін де тілге тиек етті. Саналы түс әдетте REM (тез ұйқы фазасы) кезінде белсенділігі жоғалатын ми бөлігінің қайта жандануымен байланысты процесс. Бұл процеске сыни тұрғыдан ойлауға бастайтын немесе шындықты күмәнмен қарауға итермелейтін префронталды ми қыртысы да қатысады. Белсенділіктің бұл түрін саналы түс көруді айрықшалап тұратын белгі ретінде рефлексті конгнитивті қабілеттің қалпына келуімен байланыстырып түсіндіруге болады. Ғалымдар осылайша саналы түс арқылы адамның жанына жара салған қандай да бір жағымсыз естеліктерді еңсеріп, психологиялық сау-саламат қалпына келтіруді көздейді. Ал PLOS One ақпарат көзі 2018 жылдың өзінде саналы түс көруге бастайтын тиімді тәсілдердің бірі анықталғанын жазыпты. Висконсин-Мэдисон университеті мен Гавайдағы Айқындық институтының ғалымдары бұрынғы зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, ацетилхолинэстераз ингибаторы (AChEls) деп аталатын химиялық заттың саналы түс көруге қалай ықпал ететінін зерделеген екен. Бұрыннан белгілі болғандай, ацетилхолин нейромедиатор тез ұйқыны реттеуге көмектеседі, ал AchEls ацетилхолинді инактивациялайтые ферменті (ацетилхолинэстераз) тежей отырып, мида аталған қосындының жиналуына ықпал етпек. Альцгеймер ауруынан пайда болатын есте сақтау қабілетінің нашарлауын емдеуде пайдаланылатын қарапайым дәрі галантамин деп аталады - AChEI тез әсер етеді әрі кері әсері өте төмен болып келеді. Ғалымдар аталмыш дәрінің олардың саналы түрде көрген түсін есіне түсіруіне әсері қалай болатынын анықтау үшін 121 адамға тәжірибе жүргізіп көрді. Осы орайда бұл тараптағы тәжірибеге қатысқандардың барлығы саналы түрде түс көру индукциясына қатысты протокол (хаттама) бойынша арнайы курстен өткенін айта кетпекпіз. Олар үш қатарынан плацебодан бастап бірте-бірте дозасы арттырылған дәріні қабылдады (соңғы түнгі дозасы – 8 мг болды). Олар әр түн сайын 4,5 сағаттан кейін оянып, түс көрудің индукциясына жаттықты, дәріні ішіп, қайта ұйқыға бас қойды. «Белсенді» плацебо қабылдағанда (0 мг галантамин, бірақ, бұрынғыша MILD техникасын қолданды) олардың 14% -ы саналы түсін есіне түсіргенін хабарлады, алайда, бұл жайт 4 мг-дық дозаны қабылдау барысында 27%-ға дейін өсіргенде және 8 мг-дық дозаны 42%-ға дейін көтерілгенде орын алды. «Аталмыш аралас хаттама тәжірибеге қатысқан 121 адамның 69-ы (57%) галантаминнің белсенді дозасынан кейін екі түннің кем дегенде біреуінде саналы түс көрген. Бұл хаттама саналы түрде түс көруге бастайтын ең тиімді әдістердің бірі болып табылады»,- деп айтылған екен 2018 жылғы бұл тараптағы зерттеу мақалада. Австралиядағы Аделаида университетінің Денхолм Аспи есімді психолог та New Scientist ақпарат көзіне берген сұхбатында бұл тәсілдің психикалық ауруларды түс арқылы емдеуде көп көмегін тигізетінін алға тартып отыр. Десе де ғалымдар бұл тәсілді өз бетінше қолдануға тыйым салып отыр, өтйкені, оның қауіпсіздігі әлі толық зерттелген емес. 

Ұқсас материалдар:

«Бизнес өз өнімдерін адамның түсінде жарнамалағысы келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/biznes-oz-onimderin-adamnyn-tusinde-jarnamalagysy-keledi-15387/#gsc.tab=0);

«Түс – болашақтың хабаршысы (жаңа гипотеза)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tus-bolashaqtyn-habarshysy-jana-gipoteza-15388/#gsc.tab=0);

«Біртүрлі түстер гипотезасы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birturli-tuster-gipotezasy-paida-boldy-15314/#gsc.tab=0);

«Адам неге түс көреді? Жаңа гипотеза пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-nege-tus-koredi-jana-gipoteza-paida-boldy-15234/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат