|
«QMDB HALAL» ЛОГОТИПІН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫ
|
Құрметті тұтынушылар! Ақмола облысы, Жібек жолы ауданында орналасқан шұжық өнімдерін өндіруші ЖК «Ким А. И» кәсіпкерлігі «QMDB Halal» логотипін заңсыз пайдаланып келгені анықталды.
Аталған кәсіпорын «Халал Даму» мекемесінен ешқандай халал сертификатын алмаған, алайда, өнім қаптамаларында «QMDB Halal» таңбасын қолдану арқылы тұтынушыларды алдаған. Бұл заң бұзушылық дерегі бойынша материалдар құзырлы органдарға жолданып, іс сотқа берілді.
Тұтынушы ретінде сіздің құқығыңыз — таза, адал әрі сенімді өнім тұтыну. Ал «QMDB Halal» таңбасын рұқсатсыз қолдану — жауапкершілікке әкелетін ауыр құқықбұзушылық. Халал өнімді таңдағанда міндетті түрде сертификаттың бар-жоғына және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз!








Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды