Қазақстанның көші-қонындағы "кері сальдоның" тасасындағы ұлтқа қауіпті тенденция
Қазақстанның көші-қонындағы "кері сальдоның" тасасындағы ұлтқа қауіпті тенденция
5 жыл бұрын 2803 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алдымен айтар сөзімізге кіріспес бұрын 7kun.kz аақпарат көзінде жарияланған мына хабардың мәтінін назарларыңызға ұсынамыз: 

2018 жылы Қазақстаннан 41,9 мың адам кетті, ал 12,8 мың адам келді. Сыртқы көші-қон сальдосы қайтадан теріс мәнде қалыптасты (-29,1 мың). ТМД-ға 37,7 мыңнан астам адам, ал басқа елдерге-4,1 мыңнан астам адам кетті. Ал Достастық елдерінен 10,1 мың адам, ал басқа елдерден 2,7 мың адам келген. Елден кеткен азаматтардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 11%-ке (37,7 мың адам) өсті, ал келгендер саны 18%-ке (15,6 мың адам) төмендеді. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылы Қазақстаннан 12,3 мың жоғары білімді маман кетіп, 2,3 мың маман келген. Арнайы орта оқу орындарынан 10,3 мың түлек елден кетіп, 2,6 мың адам келді. Жалпы орта мектептен 8,6 мың адам кетсе, 6,1 мың адам келді. Өткен жылы шетелге тұрақты тұруға 14,4 мың, еңбек шарты бойынша 221 адам, басқа себептермен 16,6 мың адам кетті. Өз кезегінде, Қазақстанға тұрақты тұруға 7,4 мың адам, еңбек шарты бойынша – 68 адам, оқуға байланысты – 73 адам, ал басқа себептермен – 3,4 мың адам келді.

"Кипр" сараптау алаңында бұл тақырып қызу талқыланған болатын. Ең бастысы, "мидың жылыстауы" елімізде қалыпты жағдайға айналғаны алаңдатпай қоймайды. Тек санымыз ғана азайып қоймай, сапамыз да кему үстінде. Елімізден кетіп жатқандардың дені - 25-35 жас аралығындағылар. Яғни, еліміздің экономикасын көтеруі тиіс еңбекке қабілетті әрі белгілі бір мамандыққа ие тұлғалар. Аталмыш сараптау алаңында модератор Ерлан Смайловтың айтуынша, соңғы 7 жылда елімізден шамамен 300 мың адам кеткен. Өткен жылы шамамен 42 мың адам кеткен. Халқымыз санының жылдық өсімі 250 мың адамға шаққанда соншалықты көп те емес. Алайда, сапасына келсек, олай дей алмаймыз. Қоғамның бетке ұстар білікті тобының бір бөлігі. Бұл ұлт қауіпсіздігіне, болашағымызға нұқсан келтіретінін айта кету керек. Яғни, мемлекет ресурсын жоғалтуда. Мұндай жағдай тек елімізде ғана емес, көрші Ресейде де проблемаға айналған. Ресейдегі эмиграциядан келген шығын 2000-2017 жылдар аралығында 27 трлн рублге жеткен. Ал АҚШ экономикасына қосқан мигранттар үлесі 2015 жылы 2 трлн долларға, Германияда 550 млрд долларға, австралияда 330 млрд долларды құраған. Мигранттардың әлемнің жалпы ішкі өніміне келтірген пайдасы 6,7 трлн долларға бағаланып отыр. Халықаралық деңгейде мигранттар қарасы әлем халқының тек 3,4%-ын құрағанымен олардың ғаламдық жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10%-ға жеткен. Осы заманда мигранттар ең адымен еңбек ресурсы, яғни, тауар ретінде қарастырылады. Еліміздегі көші-қонның кері сальдосы өсіп келеді: 2012 жылдан бастап. елімізден кетіп жатқандардың дені жастар - 15-28 жас аралығындағылар. Сааясаттанушы Ирина Черныхтың сөзіне қарағанда, жоғары білімі бар 2736 адам елімізден кеткен. Бұл арада азаматтығын ауыстырғандар турасында сөз болып отырғанын ескерте кетеміз. Шетелде білім алып жүрген немесе жұмыс істеп нәпақасын айырып жүргендерді есептемегенде. Сарапшылардың айтуынша, елімізден өзге елге қоныс аударуға мынадай факторлар себеп болуда: 

- еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы;

- билік транзитіне байланысты саяси жағдайдың белгісіздігі;

- еліміздегі білім беру, денсаулық сақтау, т.б. әлеуметтік салалардағы кқрсетілетін қызмет сапасының сын көтермейтіндігінде:

- көрші елдердің көші-қон саласында жүргізіп отырған белсенді саясаты, т.б. 

 

0 пікір
Мұрағат