ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА СҰРАНЫС АРТАДЫ (ВИДЕО)
ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА СҰРАНЫС АРТАДЫ (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3604

Қазақстанда бәсі артқан салалар қандай? Бұл сауалға Жұмыспен қамту бойынша ақпараттық-сараптамалық орталықтың мамандары жауап іздеп көрді, - деп хабарлайды «Хабар» арнасы.

Жүргізген зерттеулері бойынша 2020 жылға қарай елімізде жұмыс күшіне ең зәру болатын сала құрылыс саласы болады. Ондағы жұмыскерге деген сұраныс 88 мың адам болады.  64 мыңнан астам маманға көлік саласында жұмыс табылады.  Ал, мемлекеттік басқару саласына 48 мыңнан астам қызметкер қажет болады.  Сондай-ақ тау-кен, ақпарат және байланыс, сауда, сумен қамту, кәсіби және ғылыми қызмет, электр энергиясымен қамтамасыз ету секторларында да еңбек күшіне деген қажеттілік жоғары болмақ. 

2020 жылға қарай мамандарға деген сұраныс көрсеткіші келесі деңгейде болмақ:

Құрылыс – 88 076 

Көлік – 64 107

Мемлекеттік басқару – 48 158 

Тау-кен – 38 224 

Ақпарат және байланыс – 23 867

Сауда – 24 872

Сумен қамту – 13 861

Кәсіби және ғылыми қызмет – 13 597

Электр энергиясымен қамту – 11 186 

0 пікір
Мұрағат