|
Қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгертілді
|
Енді COVID-19-ға анықтама талап етілмейді. Бұл туралы inbusines.kz ақпарат көзі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға сілтеме жасай отырып мәлім етті.
«Қазіргі кездегі жерлеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып кез келген зиратта жерлеу рұқсат етілген», – деді министр.
Бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде жаппай коронавирустық инфекцияның бар-жоғы жөнінде анықтама үшін жақындарын жерлей алмай отырғанын жазған. Нәтижесінде олар сараптама қорытындысы шыққанша қайтыс болған адамның мәйітін бірнеше күн қатарынан үйлерінде сақтауға мәжбүр еді. Бұл қоғамда үлкен дау тудырды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін