|
Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды
|
Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды.
2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі қызметінде болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Ас қалдықтарының атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлетіні айтылды
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады