|
Этникалық қазақтарға азаматтық алу жеңілдейді
|
Елімізде этникалық қазақтарға азаматтық беру процесі жеңілдейді. Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, құжат қабылданса қандастарымызға азаматтық беруде олардың бұрын Қазақстан азаматы болмағаны басты талап болып саналады.
Ал қазіргі заңнамаға сәйкес оралман мәртебесін алу үшін этникалық қазақтар Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін өзге мемлекетте тұрғанын растауы тиіс.
Айта кетейік, бұл жағдайда 1991 жылдан кейін туғандар мұндай анықтама бере алмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)