|
Енді смартфондарда цифрлық құжаттардың заңды күші болады
|
Бүгін Мәжіліс депутаттары жаңа технологиялар туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі хабарлады.
Заңның толық атауы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" деп аталады.
Бұл құжаттың қабылдануын біз асыға күтіп жүрміз, себебі, көптеген қажетті нормалар қарастырылды. Мысалы, смартфоныңызға орнатқан мобильдік қосымшадағы цифрлық құжаттардың заңды күшінің болуы ұсынылды. Заң жобасы қабылданғаннан кейін солардың көмегімен түрлі қызметтерді алуға болады. Яғни, олар қағаз және пластикалық тасығыштағы құжаттардың заңды баламасы ретінде қолданылады. Техникалық жағынан біз бұған дайынбыз. Заң жобасында мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-да биометриялық параметрлері бойынша алу мүмкіндігі де бекітілген,- дейді цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.
Оның айтуынша, азамат өзінің жеке деректерінің пайдаланылғаны туралы әрекеттерден міндетті түрде хабардар болуы керек.
Сондықтан тағы бір маңызды норма - әр адам жеке басының деректерін кімнің сұратқанын және не үшін пайдаланғанын біліп отырады. Заң жобасында саланы дамытуды ынталандыруға бағытталған бірқатар нормалар бар. "Блокчейн", "зияткерлік робот" және т.б ұғымдар заңды түрде бекітіледі. Сондай-ақ, квазимемсекторға жеке фирмалар жұмыс істеп тұрған нарықта кәсіпкерлікпен айналысу заңды түрде шектелмек. Бұл IT-саласында Yellow Pages Rules қағидаттарын сақтауға бағытталған,- дейді министр.
Заң жобасына Қазақстанда цифрлық технологияларды қолдану мен одан әрі енгізуді көздейтін 200-ден астам түзету енгізілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Ас қалдықтарының атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлетіні айтылды
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады