Ел іші: Қазақ халқының үздік ертегілері 15 томдық аудиокітапқа жинақталды
Ел іші: Қазақ халқының үздік ертегілері 15 томдық аудиокітапқа жинақталды
8 жыл бұрын 3264 BAQ.kz

Қазақ халқының 15 үздік ертегісі бір аудиокітапқа жинақталып, жарыққа шықты. Бұл туралы BNews.kz тілшісі «SANA Media» компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

«Біз 15 томнан тұратын аудиокітаптың тұсаукесерін өткіздік. Олардың әрбірінде бір ертегіден жазылған. Қазақ халқының ең танымал ертегілерін іріктеп алдық. Мысалы: «Жыл басы», «Үш аю», «Екі лақ», «Кім күшті», «Еріккен хан» және тағы басқалары», - дейді аудиокітапты дайындаған «SANA Media» ЖШС директоры Құралбек Атамұратов.

Аудиокітапқа тәрбиелік мәні бар халық ертегілері жинақталып отыр. Сондай-ақ әрбір шығарма әнмен сүйемелденіп, суреттермен безендірілген.
«Бүгінгі күні дүкендерде шетелдік кітаптар көп сатылады. Сондықтан балаларымыз бәрін орыс немесе ағылшын тілінде оқиды. Ал қазақ тіліндегі ертегілер жинақталған аудиокітаптар жоқ. Балалар халық ертегілерін ана тілінде оқып, түсінуі қажет. Сондықтан осындай өнімді жарыққа шығарып отырмыз», - дейді Атамұратов.

Оның айтуынша, кітапты дайындауға кәсіби актерлер аталысып, кейіперлерді дыбыстаған.

Әрбір аудиокітап 4 мың данадан тұрады, сонда барлығы 60 мың дана ертегілер жинағы жарық көрген. 

 

Киіктерді қорғау жобасына 9 млн доллар қаржы бөлінді

Астанада биоалуантүрлілікті сақтау жобалары аясында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Конференцияға қатысқан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті басқармасының басшысы Қайрат Өстеміров 2016 жылы ақбокендерді қорғау жобасына 9 млн доллар қаражат бөлінгенін айтты. 

«Ағымдағы жылдың көктемінен бастап елімізде киіктер жаппай қырыла бастағаны бәрімізге белгілі. Қазіргі кезде біз шетелдік мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды да осы мәселеге тартқан болатыбыз. Сондай-ақ, Премьер-министр канцеляриясында да жұмыс тобы құрылды. Білім және ғылым министрлігі де бұл мәселеге атсалысып жатыр. Олар ғылыми түрде киіктердің қырылуына нақты не себеп болғандығын зерттеу үстінде. Біз бүгінгі күні БҰҰ-мен бірігіп, ақбөкендерді қорғауға байланысты жаңа жобаны қолға алдық. Осы жобаны жүзеге асыру үшін Жаһандық экологиялық қорға сұраныс жіберген едік. Олар қабылдады. Аталған жобаға 9 млн доллар қаржы бөлініп отыр. Егер әрі қарай бәрі дұрыс болатын болса, 2016 жылдан бастап осы жобаны іске асыра бастаймыз. Сондай-ақ, келер жылы киіктердің санын көбейту мақсатында да біраз жұмыстар жасалуда», - деді Қайрат Өстеміров.

Естеріңізге сала кетейік, биыл көктемде елімізде 114 мыңнан астам киік қырылып қалған еді. Ал, отандық ғалымдар мен мамандар оның себебін әлі күнге анықтаған жоқ.

Назерке Сүйіндікова

0 пікір
Мұрағат