|
Норвегияда ұйытқып соққан жел мен толассыз жауыннан халық зардап шегуде (видео)
|
Норвегияның оңтүстік және батыс бөліктерін ұйытқи соққан дауыл мен шелектеп құйған жауыннан су алып жатыр. Әсіресе Агдер және Ругаланн уездері көп зардап шеккен. Аймақта екі күннен бері толассыз құйып тұрған жауынның көлемі рекордтық деңгейге жетіпті. Норвегия су қорлары және энергетика мекемесінің мәлімдеуінше, мұндай жауын 1897 жылдан бері болмаған. Айтуларынша, нөсер салдарынан елдің оңтүстік-батыс бөлігінде 30-ға жуық лай көшкіні тіркеліпті. Одд Станджеланд, Эгерсунд қаласының басшысы: - Табиғи апатты жағдайда өте сақ болуымыз керек. Барлығы да болуы мүмкін. Дәл жанымызда тұрған өткелді бөгеп, суды тоқтатып тұрмыз. Бірақ оның қашанға дейін шыс беретінін білмейміз - дейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді