Топ-менеджерлердің “құдалығы” тым қымбатқа түсетін болып жүр
Топ-менеджерлердің “құдалығы” тым қымбатқа түсетін болып жүр
18 минут бұрын 15 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Батыс компанияларының топ-менеджерлері соңғы уақытта өзіне лайықты жар іздеуде арнайы мамандарға жиі жүгінетін болған. Өйткені, сенімсіз немесе тексерілмеген адамдармен қатынас құрудан қорқады. Бұл жайында islam.kz порталы The Wall Street Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Басшылар мұндай «элиталы құдалықтың» сенімді нұсқаларын іздегені үшін ондаған мың доллар төлеуге дайын, кейбір жағдайларда жүздеген мың долларды қалтасынан санап беруге бар. Сондай-ақ, бизнесмендер жанжал мен әшкере болудың алдын алу үшін жекелеген детективтер мен беделді тәуекелдерді басқару фирмаларын да қыруар қаражатқа жалдап жатады. Батыстағы бай адамдар кез келген романтикалық қарым-қатынастың арты шантажға ұласу қатерінен қауіптенеді немесе өзінің жеке басының құпияларының жария болуынан қорқады. Бұдан басқа, компания басшыларына бағытталған алаяқтық, ұрлық, деректер қауіпсіздігін бұзу фактілері көбейіп келеді, соның салдарынан тек өзіне ғана сену қауіпті болып отыр. Осындай «құдалықтың» бір міндетіне шифрланған деректер базасы арқылы үміткерлерді іздеу және оларды жария етпеу туралы келісімдерге қол қойылған жағдайларда мұқия тексеру жатады. Алайда, мұндай жағдайда да, әсіресе, жасанды зерде саласындағы басшылардың көбі тәуекелдің жоғары болуына байланысты романтикалық қарым-қатынастан бас тартып жатады. Қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Дон Абиб топ-менеджерлердің алаңдаушылығы UnitedHealthcare басшысы Брайан Томпсонның 2024 жылдың желтоқсан айында қайтыс болғаннан кейін және 2026 жылдың сәуірінде OpenAI басшысы Сэм Альтманның үйіне шабуыл жасалғаннан кейін барынша жоғары деңгейде екенін растады. Некеден тыс қарым-қатынастың, яғни, көңілдес болу құпиясының ашылуына байланысты Nvidia графикалық процессорлар өндірушісінің жетекшісі Женсен Хуанг қызметімен қош айтысты. Әлемге әйгілі Nvidia компаниясы басшысының бұл әрекеті әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында басты тақырыптардың біріне айналды.

 

0 пікір
Мұрағат