Ғалымдар күн сәулесі мол түсетін шөл далада күн панелдерін орнатуға қарсы
Ғалымдар күн сәулесі мол түсетін шөл далада күн панелдерін орнатуға қарсы
1 сағат бұрын 48 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Шөл дала көп орын алатын күн панелдерін орнатуға әрі күн сәулесі молынан түсетіндіктен энергияны өндіруге аса қолайлы болғанымен жаңғыртпалы энергия көзінің қондырғыларын жаппай орнатудың арты салдары ауыр апатқа соқтырады. Бұл жайында islam.kz порталы futura-sciences.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір қарағанда, шөл далада жауын-шашын аз түсетіндіктен әрдайым аспаны шайдай ашық тұрады - энергияны молынан өндіруге таптырмайтын орын. Оның үстіне, ауыл шаруашылығына жарамсыз болғандықтан күн панелдерін жаппай орнатуға қолайлы жер. Соған қарамастан күн панелдерін жаппай шөл далада орнатудың арты экологиялық апатқа соқтырады. Ғалымдардың есебінше, ұшы-қиыры жоқ әлемдегі ең үлкен шөлде - Сахараның бір пұшпағында күн панелдерін орнатса, күллі әлемді энергиямен артығымен, дәлірегі, шағын аумағындағы күн панелдерінің өзі бүгінгі жаһандық энергиядан төрт есе көп энергиямен қамтамасыз ете алады. Алайда, бұл іске аспайтын жоба күйінде қалмақ. Неге?

Альбедо әсері және климаттық тізбекті реакция

Негізгі қиындық “Альбедо”деп аталатын жер бетінің шағылысу қабілетін өзгертуде жатыр. Табиғи ашық құм күн сәулесін шағылыстырып, ғарышқа кері қайтарады, ал батареяның қараңғы беті оларды белсенді түрде сіңіреді.

  • Артық жылу бөлінеді: күн қондырғылары жарықтың 15% -ын ғана пайдалы электр энергиясына ғана айналдырады. Қалған 85% -ы атмосфераға концентрацияланған жылу түрінде қайтады.
  • Тұйық шеңбер: жергілікт, яғни, тек сол өңірді осындай әсердің есебінен жылып, ылғалдың түсуіне ықпал етіп, жауын-шашынның көптеп жаууына себеп болады. Нәтижесінде шөл дала өсімдікпен көмкеріліп, ландшафт бұрынғыдан да қараңғыланып, жаңбыр жауады.

Жаһандық ауа райында ақау пайда болады

Сахараның гүлденген өлкеге айналуы қалған әлемді апатқа ұрындырады. 2021 жылғы климаттық моделдеу деректері ұлы шөлдің 20% алаңын панелдермен жабу бүкіл Жер бетіндегі жел жүйесін түбегейлі өзгертетінін көрсетті. Ал мұндай құбылыс  мынадай салдарды тудырады:

1, Амазонка бассейнінде құрғақшылық жайлап, орман-тоғай жойылады.

2, Солтүстік Америка мен Шығыс Азия жағалауларында жолындағысын жайпап кететін тропикалық циклондардың жиілігі артады.

3, Арктикада мұздың еруі тездейді.

Су, шаң және логистика

Ғаламдық қатерден басқа инженерлер нақты кедергілермен де бетпе-бет келеді. Панелдер қажетті деңгейде жұмыс істеуі үшін оларды жапқан шөл шаңын үнемі жуып отыру қажет. Бұдан басқа, энергетикалық жүйелер күшті суытуды қажет етеді. Мұның бәрі орасан зор көлемдегі суды - құрғақ аймақта кездеспейтін ресурсты талап етеді.

Ал күн панелдерін шаң-тозаңнан қолмен тазарту жұмысы мұндай жобаларды қаржылық жағынан тиімсіз етеді, яғни, шығыны орасан зор, ал өңделген электрді шалғайдағы мегаполистерге жеткізу технологиясы жоқ, яғни, әлі де шешімін таппаған міндет болып қалуда.

0 пікір
Мұрағат