Компаниялар қызметкерлерін жазатайым оқиғадан сақтандыруға міндеттеледі
Компаниялар қызметкерлерін жазатайым оқиғадан сақтандыруға міндеттеледі
1 сағат бұрын 31 naryk.kz

Үкімет отырысында қазақстандықтардың еңбек жағдайларының қауіпсіздігі талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ведомство жыл соңына дейін тағы 130 мың ұйымды сақтандырумен қамтуды жоспарлап отырғанын айтты.

Қазір өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен 118 мың кәсіпорын қамтылған. Бұл еліміздегі жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың жалпы санының 68%-ын құрайды.

Министрдің айтуынша, бұл шаралар әділ әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қолға алынуда.

«Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде жыл соңына дейін бірқатар негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарымен қамтылған ұйымдар санын 130 мыңға дейін жеткізуді күтеміз. Сонымен қатар, өндірістегі өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициентін әрбір 1 мың қызметкерге шаққанда 0,31-ге дейін төмендету міндеті қойылып отыр», — деді министр.

0 пікір
Мұрағат