|
Пайда мен зиян арасындағы тайталас әлі күнге жалғасып келеді
|
Австралия қоғамы билік салғыртттық танытқан мәселеге алаңдап отыр: емі жоқ Паркинсон ауруына ұрындыратын қатері жоғары өте улы химикатты, дәлірегі, гербицидті жергілікті фермерлердің әлі күнге дейін қолданып келе жатқанына наразы. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Улы гербицидті қолдануға әлемнің 70 елінде тыйым салынған. Паракват — кеңінен пайдаланылатын гербицид. 1997 жылдан бері Австралияның ауыл шаруашылығының құзырлы органдары тарапынан қатаң қадағаланатын тыңайтқыш өндірісіне, импортына, айналымына, қолданысына, сақталуына, тасымалдануына түбегейлі тыйым салынбаған. Еуропалық одақ елдерінен бастап, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея, т.б. елдерде тыйым салынған. Қытай аталмыш химикатты ең көп өндіргенімен ел ішінде қолдануға белгілі бір шектеу қойған. Ал Америка құрама штаттарында осынау химикатты қолдануға тыйым салған алғашқы штат - Вермонт штатының губернаторы Фил Скотт гербицидтің бұл түрі тек Паркинсон ауруына себеп болып қана қоймай, сонымен қатар, балалар арасында ақ қан, хожиндік емес лимфоба секілді дерттерге шалдықтарынын мәлімдеді. Десе де Paraquat австралиялық шаруаларға қауіпсіз, сапалы өнім алуға мүмкіндік беріп келеді. Әсіресе, арамшөппен күресте маңызы зор бұл химикат ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу қажеттілігінен құтқарады.