Биыл шамамен 20 мың қазақстандық студент шетелді білім алады. Оның 70%-ы ресейлік жоғарғы оқу орындарын таңдаған. Бұл туралы еліміздің жоғарғы оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов мәлім етті. Оның айтуынша, жастардың білім алу үшін шетелге ағылуына еліміздегі ақылы жоғарғы оқу орындарындағы білім алу мүмкіндігінің болмауы себеп болып отыр. Абитуриенттер көрші елде бюджеттік орындардың көп екенін алға тартып отыр. "Ресейде негізінен техникалық мамандықтарға бюджеттік орындарды көп бөледі. Олар қазақстандықтарға да техникалық мамандықтарға түсуіне жағдай жасап отыр. Онда түсу оңай, ұлттық бірыңғай тестілеусіз өтіп кетесің",- деді Темірлан Мақатов есімді студент. Аталмыш қауымдастық пезиденті Рахман Алшанов келтірген мәліметке қарағанда, 121 мың мектеп түлегінің 70 мыңнан астамы ресейлік жоғарғы оқу орындарын таңдаған. Биыл да бұл жағдай қайталануы мүмкін екнін айтып отыр. Абитуриенттердің шетелге ағылуымен күресу үшін жоғарғы оқу орындарының бәскеге қабілеттілігін арттыруға жергілікті билік күш салып отыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында техникалық білім беру мекемелері қосымша грантқа ие болған. Болашақта атом өнеркәсібінің мамандарын дайындауға бел буып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Құлаққап таққан жүргіншілерді апаттан сақтандыратын технология пайда болды (видео)
■
Судағы сутегімен жұмыс істейтін газ плитасы жасалды
■
Пулемет-тапанша форматында электрошокер жасалды (видео)
■
Күллі әлем бойынша ислам 2010-2020 жылдар аралығында ең шапшаң таралған дінге айналған – зерттеу
■
Франция бұрын өзі отарлаған елдердің мәдени мұраларын қайтаратын заң қабылдады