Биыл Қазақстанды тастап кеткендердің саны едәуір көбейген
Биыл Қазақстанды тастап кеткендердің саны едәуір көбейген
8 жыл бұрын 3748 nur.kz

2015 жылдың алғашқы 10 айының көрсеткіші бойынша Қазақстанға көшіп келіп жатқан оралмандар саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге азайған, — деп жазады LS  ІІД Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайыновқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында елге оралған қандастар саны 1,4 мың адамды құраса, былтыр бұл көрсеткіш 16,3 мың адамға дейін жеткен. Ал, азаматтық алғандар саны биыл 6,4 мың адамды құраса, былтыр 23 мың адам «Қазақстан азаматы» атанған екен.

Сонымен қатар, Қазақстанға тұруға келген шетелдіктердің де қатары кеміген. Мәселен, 2015 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елімізге 12,9 мың адам тұрақты өмір сүрі үшін көшіп келсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 18,3 мыңды құрады.

Ал, Қазақстаннан кетіп жатқан тұрғындардың саны болса, керісінше өсіп отыр. Мәселен, 2014 жылдың алғашқы 10 айында шетелге көшіп кеткен қазақстандықтар саны 24 мыңнан сәл ғана асса, биыл тағы 25 мың адам шекара асып кетті.

8 пікір
  • шеттегі қандастарға баспана, жер, т.б, жағдай жасасақ, көшіпкелетін ағайындардың қарасы көбейер еді. Халқымыздың саны артып, ұлттық иммунитетіміз күшейер еді. Кәрім Мәсімов бастаған үкімет бұл мәселеде белсенді қимылдауы керек.
    8 жыл бұрын
  • қазақ көбейсе тіл мәселесі өздігінен шешіледі. Тіліміз кең қолданысқа ие болады.
    8 жыл бұрын
  • Тілі жоқ ұлт - ұлт емес
    8 жыл бұрын
  • шеттен келген қандастарды солтүстік облыстардағы жері құнарлы аудандарға шоғырландырсақ, өндіріске тартсақ, еліміздің ертеңі жарқын
    8 жыл бұрын
  • сырттағылардың көшіп келетіні келген, келе алмай отырғандары бар шығар, ең бастысы - көбірек көшіп келуін ынталандыратын шараларды шұғыл қолға алуы керек. Олар өзге ұлттарға жұтылып кетпей тұрғанда тезірек қимылдамасақ, ертең сан соғып қаламыз
    8 жыл бұрын
  • әлі күнге "оралмандар" деп кемсітіп қарауды қою керек. Тілінен ажырай жаздаған, дәстүрін мансұқтай жаздаған жергілікті қазақтардың "бойына" жас қан құйылғандай, ұлттық иммунитемізді нығайтса, оның несі айып.
    8 жыл бұрын
  • әсіресе, қазіргідей Ресейдің ақпаратының астында бас көтере алмай жатқан қазағымыздың рухы бір көтеріліп қалатын еді
    8 жыл бұрын
  • еттен өтіп, сүйекке жеткен орыс экспанциясынан құтылу үшін шеттегі қандастарды көшіріп алудың аңызы зор
    8 жыл бұрын
Мұрағат