4000-ға жуық қазақстандық ресми түрде Қарулы Күштердің қатарына қабылданды (ФОТО)
4000-ға жуық қазақстандық ресми түрде Қарулы Күштердің қатарына қабылданды (ФОТО)
8 жыл бұрын 3125 inform.kz

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында 2015 жылғы күзгі шақырылымның жас толымын әскери ант қабылдауға келтіру рәсімі аяқталды. 

4000-ға жуық қазақстандық Отанға деген адалдыққа ант берді және ресми түрде қазақстандық армияның қатарына кірді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі. Осы күзде жаңадан шақырылғандарды ант қабылдауға келтіру қарашаның 14-і мен желтоқсанның 6-ы аралығында өтті. Осы уақыт ішінде әскери антты «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Әуе қорғанысы күштерінің, арнайы әскерлердің, Әскери полициясы бас басқармасының әскери бөлімдерінің, Армия орталық спорт клубы мен Байланыс бас басқармасының шақырылушылары қабылдады. 

 Ағымдағы шақырылымның соңғы рәсімі өткен аптада өтті. Оның ішінде, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Аягөз гарнизонының 10810 және 10181 әскери бөлімдерінде әскери антқа 210 жаңадан шақырылушы, 27943 әскери бөлімінде 250 жас сарбаз, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 25744 әскери бөлімінде 260 шақырылушы, 41433 әскери бөлімінде 80 жас сарбаз келтірілді. Осымен шақыру мен жасақтау толық көлемде аяқталды деп есептелінеді. Алайда, шақыру кампаниясы аяқталғанымен, жас сарбаздардың әскери ант қабылдауы сәтінен бастап барлығы енді ғана басталады.  Алдағы уақытта олар Отан алдындағы бір жылғы борышын өткеріп, күрделі әскери ғылымды меңгеруі қажет.

2015 жылдың күзінде Қарулы Күштердің әскерлеріне әскери қызметке кейінге шақырылуға және шақырылудан босатылуға құқығы жоқ шақырылым жасындағы 4000-ға жуық қазақстандық шақырылуға жатқанын айта кеткен жөн.  Бозбалалар еліміздің барлық өңірлері мен облыстарынан шақырылды.

Жалпы алғанда, ағымдағы жыл бойынша Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі шақырылым жоспары 100%-ға орындалды. 

null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null 

0 пікір
Мұрағат