"Сыр сұлуы". Күріштің жаңа сорты өндіріске енгізілді
"Сыр сұлуы". Күріштің жаңа сорты өндіріске енгізілді
4 жыл бұрын 2989

Биыл Сыр елінде 180 мың гектарға жуық жерге дәнді дақылдар егілетін болады. Осы дақылдардың ішіндегі 120 күн бойы суды қажет ететін күріштің жөні бір бөлек.

Енді диқандар үшін биылғы жылдың басты жаңалығы жергілікті тұзды жерге бейімделген жаңа күріш сорты болмақ. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, тағамдық тұтыну сұранысын толық қанағаттандыратын, ауруларға төзімді, сапалы, мол өнім алуға болатын – "Сыр сұлуы" сортын өндіріске енгізді, деп жазады baq.kz порталы Aikyn.kz ақпарат көзіне сілтеме асай отырып. 

Жаңа сұрып тұздылыққа, төмен температураларға төзімді және шығымдылығы жоғары. Ғылыми жан-жақты зерделенген сорттың биіктігі бір метрдей, 110 күнде пісетін дақыл болғандықтан шаруашылықтар үшін тиімді болмақ. Институт ғалымдарының 15 жылдық табанды ізденістерінің арқасында дүниеге келген бұл сорт жарты ғасыр қызмет етуге дайын екен.

Жалпы диқандар үшін тағы бір лайфхак. Жалағаш ауданындағы  "Агрохимсервис-С" ЖШС-нің тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өңдеу зауыты шаруашылықтардың 80-90%-ға жуығын тыңайтқыштармен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Зауыттың жалпы құны 400 млн теңге, өндіріс орнының қуаттылығы 120 тонна болса, қазіргі таңда 70-80 тонна өнім шығаруда.

Көктемгі дала жұмыстарының уақытылы басталып, сапалы жүргізілуіне тиісті шаралар қабылданған. 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны литріне 162 теңгеден жеткізілген.

Айта кету керек, көктемгі егіс науқанында шаруа қожалықтарына төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілген.

0 пікір
Мұрағат