"Рисале-и Нур" еңбегіне арналған айтулы шара өтеді
"Рисале-и Нур" еңбегіне арналған айтулы шара өтеді
7 жыл бұрын 4669 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биыл, дәлірегі, қазан айының 1-3 күндері аралығында Ыстамбұл шаһарында ислам әлеміне әйгілі "Рисале-и Нур" еңбекке арналған 11-ші халықаралық симпозиум өтеді. Мұндағы мақсат аталған еңбектің мән-маңызын жете түсінуге, саяды. Ислам әлемінің аса көрнекті ғалымдарының бірі Бадиуззаман Саид Нурсидің қаламынан туған бұл туында қасиетті Құранның мағыналық тәпсірінен тұрады. Алты жүз мақала мен баяндамаларды ерінбей-жалықпай қарап шығатын ғылыми комитет олардың тек жүз шақтысын ғана қабылдай алады. 

Симпозиум тарихынан: 

Түркияда ширек ғасырдың ішінде, дәлірегі, 25 жыл ішінде 10 симпозиум өткен екен. Араға екі-үш жыл салып барып. Өзге елдерде 100-ден аса айтулы іс-шара өткен болатын. "Рсале-и Нурға" арналған. Атап айтқанда, Үндістан, Индонезия, Иран, Марокко, Австралия, Малайзия, Мысыр (әл-Азхар), Филиппин, Йемен, Иордания, Ливан, Алжир, Чад, Судан, Нигер, Германия, Италия, Босния және Герцеговиния, Оңтүстік Африка, Болгария, Сирия, Ұлыбритания, Канада, Бразилиия және АҚШ, т.б. жоғарғы оқу орындарында симпозиумдер ұйымдастырылған екен.  

0 пікір
Мұрағат